Биыл 18 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапты

Елімізде аталған қылмысқа қатысты өтініштер саны 3 есеге артты. 

Биыл 18 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан қаза тапты Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров мәлім етті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

"Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 3 есеге артты. Олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арыз болмаса полиция қызметкерлері мұндай адамдарды жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде агрессорлардың жазадан жалтарады", - деді Ренат Зұлқайыров.

Салдарынан осындай қылмыстар қасіретті жағдайларға себеп болуда.

"Биыл тұрмыстық салада 18 кісі өлтіру дерегі тіркелді", - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Бұл Президенттің сайлауалды бағдарламасында көрсетілді, оны орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен келісім бойынша заңнамалық өзгерістер әзірледі.

Оның ішінде тараптардың татуласу мүмкіндігін алып тастау, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу