Биыл 18 жол учаскесі ақылы болады

1095

2025 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 11 мың шақырым жол ақылы болады деп жоспарланып отыр.

Биыл 18 жол учаскесі ақылы болады

Биыл маусымда 5,8 мың шақырым болатын 18 жол учаскесі ақылы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылы маусымда 5,8 мың шақырымдық 18 учаскесі ақылы болады. Олар: Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Орал – Ресей шекарасы (Саратов), Орал – Ресей шекарасы (Самара), Ресей шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе, Щучинск – Петропавл, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қапшағай – Талдықорған, Қарабұтақ – Қызылорда, Ақтөбе – Орал, Атырау – Бейнеу – Өзбекстан шекарасы, Ақтау – Бейнеу, Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк), Нұр-Сұлтан – Қостанай, Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан –Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау учаскелері", - деп жазылған "QazAvtoJol" ұлттық компаниясы таратқан хабарламада.

Әр учаске бойынша қандай көліктерден төлемақы алынатыны тас жолдың техникалық санатына тікелей байланысты.

"Мәселен, І-техникалық санаттағы тас жолдарда барлық автокөлік, ал ІІ және ІІІ-техникалық санаттағы тас жолдарда тек жүк көліктері төлем жасайды. Ал жаңа ақылы учаскелер бойынша төлем мөлшерлемесін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қарастырып жатыр", - дейді компаниядан. 

Ал ақылы жолдарды сынақтан өткізу кезінде көліктерден төлем уақытша алынбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу