Биыл 2 бағытқа 43 жолаушылар вагоны сатып алынады

882

Биыл 60 локомотив сатып алу жоспарда бар.

Биыл 2 бағытқа 43 жолаушылар вагоны сатып алынады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда теміржолдың жылжымалы құрамы жаңартылуда. Бұл жұмыс "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтемемен.

2020 жылы Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған, Нұр-Сұлтан – Семей, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау бағыттарына 100 жолаушылар вагоны сатып алынды.

Сондай-ақ, өз елімізде жасалған 20 жүк локомотиві сатып алынды (53 млрд тг.).
2021 жылы Алматы-Маңғыстау және Атырау-Алматы бағыттарына тағы 43 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 60 локомотив сатып алу жоспарда бар: оның 31-і жүк және 29-ы жолаушылар тасымалына арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу