Биыл 2 млн астам азаматқа АӘК тағайындалды

2071

Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 2 млн 87 мың 400 адамға (405 мың 600 отбасы) тағайындалды.

Биыл 2 млн астам азаматқа АӘК тағайындалды

Оның ішінде 1 млн 302 мың 500 бала яғни, олардың үлесі барлық алушылардың 62,4%-ын құрайды, деп хабарлайды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Алушылар құрамындағы көп балалы отбасылар шамамен 40%-ды құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам). АӘК алушылардың ең көп саны елдің оңтүстік өңірлеріне келеді, онда барлық алушылардың 67%-дан астамы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында - 31 мың 700 отбасы.

Осы жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК-ті белсенді алушылары 335 мың 200-ден астам отбасы немесе 1 миллион 733 мың адам, оның ішінде 1 миллион 487 мыңы балалар. Бұл ретте 69 мың 700 отбасына немесе 351 мың 200 адамға АӘК төлемдері аяқталды.

"2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд 500 млн теңге көзделген, оның 186 млрд 100 млн теңгесі республикалық бюджеттен және 18 млрд 400 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. Жалпы айтқанда 144 млрд 300 млн теңге төленді", – деді министрлікке қарасты Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің басқарма басшысы Аяжан Жанғабылова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу