Биыл 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленген

633

Оның 41 келісі синтетикалық есірткі. 

Биыл 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленген

Жыл басынан бері Қазақстанда полиция қызметкерлері 2 тоннаға жуық есірткі тәркілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жақында Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өткен. Онда полиция қызметкерлері жұмысының қорытындысы шығарылған.

"Отырыста ұйымдасқан қылмыс пен ескірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселесі жеке қаралды. Жыл басынан бері елімізде 2 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 41 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Оларды өндірген 10 есірткі зертханасы жойылды", - деді ІІМ өкілі Шұғыл Тұрлыбек брифингте. 

Ол Қазақстанда ауыр қылмыс, денсаулыққа зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық саны азайғанын атап өтті.

"Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс 40%-ға, мас күйде жасалған қылмыс 20%-ға төмендеген. Қоғамдық орындарда және көшелерде болған құқық бұзушылық саны 3-тен бірге қысқарған", – деді ІІМ өкілі.

Сондай-ақ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев қашықтан тауар сатып алу, тұрғындардың интернет қызметінің көп пайдалануына байланысты елімізде интернет алаяқтық дерегі көбейгенін атап өткен.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу