Биыл 20 млрд доллар инвестиция тартылады – министр

850

2021 жылы елге шамамен 20 млрд доллар инвестиция тартылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Биыл 20 млрд доллар инвестиция тартылады – министр

Оның айтуынша, жаһандық экономиканың қалпына келуі аясында Үкімет қабылдайтын барлық шараның қолдауымен елдегі инвестициялық іс-шаралар да жанданып жатыр. 

"Қолайлы инвестициялық жағдай жасау үшін заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Биыл елге инвестиция түрінде 19,5 млрд доллар тартылады деп үміттенеміз, сондай-ақ белгіленген активтердегі инвестиция үлесі 20%-ға жетеді", - деді министр елордада өтіп жатқан Қазақстан-Сауд Арабиясы инвестиялық форумында.

Бақыт Сұлтановтың пікірінше, Қазақстанға тартылатын тікелей шетелдік инвестицияның көлемі біртіндеп өсуі мүмкін.

"2025 жылға қарай тікелей шетелдік инвестицияның жылдық көлемін 30 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Осы орайда бизнес-қоғамдастықты инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырамын", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу