ТЖМ: Биыл 21 адам газдан уланып, көз жұмған

890

Елде тұрмыстық газ баллоның жарылуының 16 дерегі тіркелген.

ТЖМ: Биыл 21 адам газдан уланып, көз жұмған

Жыл басынан бері 21 адам газдан уланып, қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Қазақстан бойынша әлеуметтік нысандарда газ-ауа қоспасы және тұрмыстық газ баллонының жарылуы, газдан улануы бойынша жалпы 55 дерек тіркелгенін атап өтті. 

"Оның 33-і газ-ауа қоспасының жарылуы, 16-сы тұрмыстық газ баллоның жарылуы, 6 дерек газдан улануға қатысты. Газдан улану салдарынан 86 адам зардап шекті. Оның 14-і бала, әрі 21 адам қайтыс болды. Оның үшеуі бала. Тіркелген 55 деректің 36-сы тұрмыстық газ баллонын пайдалану ережесін сақтамау және оның істен шығуымен байланысты", – деді Мереке Пішембаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу