6 қазандағы дерекке сәйкес, елімізде 21 млн тоннадан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz “Интерфакс” сайтына сілтеме жасап.
“Бүгінде (дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды) жинау бункерлік салмақта 21 млн тоннадан асты. Егін жинау жұмыстары жақын арада аяқталады", – деді министр.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл дәнді дақылдарды жалпы жинау көлемі 18,3 млн тонна деңгейінде күтілетінін хабарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу