Биыл елімізде 216 ауылдың инфрақұрылымы жетілдіріледі. Бұған қоса, мектеп, спорт кешендері, амбулатория салу және жарық пен инженерлік желі тарту көзделген, деп хабарлайды Atameken Business.
2353 ауылдық округтың қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Соған сәйкес, ауыл тұрғындары әкімдерін өздері сайлап, бюджетті құруға ат салысатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу