Биыл 22,8 миллион тонна астық бастырылды

1183

ҚР АШМ хабарлауынша, биыл әр гектардан 15,1 центнер астық жиналған.

Биыл 22,8 миллион тонна астық бастырылды

Осы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артқан. Өсім негізінен мал шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілген. Бұл саладағы өсім 3,9% құраса, өсімдік шаруашылығында ол 2,3% болды. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР АШМ хабарлауынша, биыл гектарынан 15,1 центнерден айналғанда 22,8 млн тонна астық бастырылды.

Тірідей салмақтағы ет өндірісі – 4,3%-ға, сүт өндірісі – 3,3%-ға, жұмыртқа өндірісі –10,6%-ға өсті.

"Тамақ өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 1,7%-ға артты", — деп баяндады ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев.

Вице-министрі бірқатар өңірде тамақ өнімдері мен сусын өндірісінің төмендеуі байқалғанын айтты. Әкімдіктер дерегіне сүйенсек, өндірістің бұлай төмендеуіне халықтың алкогольсіз сусындарға деген сұранысының азаюы әсер еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу