Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биыл бұл мақсаттарға барлық көздер есебінен шамамен 965 млрд теңге қаражат жоспарланған. Бұл 160 мыңнан астам азаматтардың 41 000 жаңа пәтерге көшуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар осал топтарға қолжетімді құралдарды ұсынуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Биыл мемлекеттік қаражат есебінен 22 мыңнан астам жалдамалы пәтер сатып алу үшін 336 миллиард теңгеге жуық қарастырылған. Жыл соңына дейін 165 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 мыңнан аса кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр", – деді Қанат Шарлапаев.
Аталған пәтерлер бойынша 2-5% жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы 7861 несие берілген.
Бұдан бөлек тұрғылықты аудандарға инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді.