Биыл 23 автожол жобасы іске асырылады

1167

Биыл 23 автожол жобасы іске асырылады

Биыл 23 жоба іске асырылатын болады. Ондағы 22 жоба өтпелі. Оның ішіндегі 10 жоба халықаралық қаржы институттарының займдары есебінен іске асырылуда. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрдің айтуынша, 2017 жылы республикалық маңызы бар 603 шақырым автожол ашылды.

"Жыл қорытындысы бойынша 528 шақырым жолды ашу жоспарланған. Атап айтқанда, Орталық-Шығыс жобасы бойынша (Астана-Шідерті) – 233 шақырым; Орталық-Оңтүстік (Теміртау-Қарағанды) – 45 шақырым; Орал-Тасқала – 35 шақырым; Бейнеу-Ақжігіт – 85 шақырым; Алматы-Талдықорған (Сарқанд қаласы айналма жолы) – 16 шақырым; Қордай ауылының айналма жолы – 19 шақырым; Астана-Петропавл-РФ шек.(Қорғанға) – 20 шақырым; Таскескен-Бахты – 20 шақырым, Щучье-Зеренді – 20 шақырым, Талдықорған-Өскемен – 20 шақырым, Қалбатау-Майқапшағай – 9 шақырым, Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы – 6 шақырым", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, жергілікті жердегі автокөлік жолдарын жөндеу мен реконструкциялау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту көзделіп отыр.

"Биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша 60 млрд теңге бөлініп, қаржыландыру көлемі 150 млрд тенгеге дейін жетеді",- деді министр.

Бұл шаралар жөнделетін 4 мың шақырымнан астам жолды қамтуға және 2025 жылға қарай жергілікті желінің жақсы және қанағаттанарлық  жағдайын 85%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу