Биыл 29 жатақхана пайдалануға беріледі

745

Бүгінде елімізде жалпы қажеттілік 91 мың орынды құрайды. 

Биыл 29 жатақхана пайдалануға беріледі

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстан тарихында алғаш рет биыл 9 196 орынға арналған 29 жатақхана пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды

"Еліміздің тарихында бұған дейін осындай көрсеткіш болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы салынған жатақханалардың мақсатты құрылысы жүргізілді. Жылына көп дегенде 2-2,5 мың орын пайдалануға берілетін. Аталған жобаны іске асыруда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану өз тиімділігін көрсетті", – деді ҚР вице-министрі.  

Сонымен қатар, ол жобаны іске асырудың алдында өңірлер бойынша барлық қажеттілікке талдау жүргізілгенін атап өтті. Бүгінде жалпы қажеттілік 91 мың орынды құрайды. Олардың ішінде ЖОО-лар бойынша – 68 мың, колледждер бойынша – 23 мың. Ең жоғары қажеттілік – Алматы қаласында – 31 мың орынға, Нұр-Сұлтан қаласында – 17 мың орынға, Шымкент қаласында – 8,4 мың орынға. Биыл берілетін 29 жоба барлық өңірлерде дерлік болады.

Вице-министрдің айтуынша, жатақханалар салу жобасының жалпы құны 152 млрд тг құрайды. Бүгінде жоба толықтай қаржыландырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу