Биыл 3,5 мыңнан астам жетім бала баспаналы болды

292

Тағы 59 мың бала кезекте тұр.

Биыл 3,5 мыңнан астам жетім бала баспаналы болды Фото: ЖИ

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көрсетілетін қолдау туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Баланың отбасында тәрбиелену және әлеуметтік қорғалу құқығын қамтамасыз етуге 28 іс-шара арналған. Оның ішінде 8 іс-шараны 2026 жылы, ал 5 шараны жыл сайын іске асыру қарастырылған. 

"Қазақстан халқына" қоры 120-дан астам бағдарлама мен жобаны қолдап, балалар мен отбасыларға әлеуметтік көмектің 49 түрі көрсетіледі. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс жасау үшін 616 маман дайындалды. 2026 жылы 3576 жетім бала пәтер алды, тағы 59 мың бала кезекте тұр", – деді Оқу-ағарту министрі Құрылтайда өткен Үкімет сағатында.

Республика бойынша 1,7 млн бастауыш сынып оқушысы, халықтың әлеуметтік осал отбасыларының балалары ақы төленбейтін ыстық тамақпен қамтылған. 421 380 оқушыға Жалпыға міндетті білім беру қоры арқылы 22 млрд теңгеге көмек көрcетілді. 

Айта кету керек, бұған дейін ерекше білім беру саласына 3 мың маман жетіспейтінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу