Биыл 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

407

Алаяқтар азаматтарға 44 млн рет қоңырау шалған.

Биыл 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді Фото: ortcom_kz

Ағымдағы жылдың басынан бері 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу қажет. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу қажет, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұрау қажет", - деді спикер.

Алаяқтар азаматтарға 44 млн рет қоңырау шалған.

Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Байланыс операторлары 44 миллионнан астам осындай қоңырауды тоқтаты. 

"Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін алаяқтар азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады", - деді ведомство өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу