Соның ішінде 3300 адам тұрғылықты жер ретінде Маңғыстауға таңдау жасаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Өзге қандастар Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарын, сондай-ақ Астана, Шымкент және Алматы қалаларына тұрақтаған. Қандастардың жартысынан көбі, яғни 64% Өзбекстаннан, 10% Ресейден, 9% Түркіменстаннан, 8% ҚХР-дан, 5% Моңғолиядан, қалғаны - басқа елдерден.
Қоныс аударушылардың еңбекке қабілетті жастағылар саны 60% және зейнеткерлер 14%-ды құрайды. Жұмыс істеуге жарамды жастағы қандастардың 20%-ы жоғары білімді, 40%-ының арнайы орта білімі бар. Тағы 40%-ы жалпы орта білімді екені анықталды.
1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 106 мың этникалық қазақ оралды.