Биыл 31 мемлекеттік нысан жекешелендірілді

1312

Жыл соңына дейін тағы 36 нысан саудаға шығарылады.

Биыл 31 мемлекеттік нысан жекешелендірілді

Жыл басынан бері елімізде жекешелендіру аясында 33 млрд теңгеге 31 нысан сатылды. Жыл соңына дейін тағы 36 нысан саудаға шығарылады, деп хабарлайды  Atameken Business.

Есепті кезеңде 62 нысан аукционға қойылды. Мұны премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда жекешелендірудің кешенді жоспары 91%-ға орындалды. Сонымен қатар, 19 нысанды қайта құру және тарату туралы шешім қабылданды. 

"Біз 2020 жылдың соңына дейін 100%-ға жекешелендіруді  орындауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу