Биыл 398 үйге газ беріледі

1223

Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларының тұрғындары көгілдір отынның қызығын көреді. 

Биыл 398 үйге газ беріледі

Қарағанды облысына газ тарату желісін салу үшін биыл республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді. Қомақты қаржының 1 млрд теңгесі – Қарағанды, 1 млрд теңгесі – Жезқазған, 400 млн теңгесі Теміртау қаласын көгілдір отынмен қамтуға жұмсалады. 

Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтың мәлімдеуінше, жыл соңына дейін Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларындағы 398 үйге газ беріледі.

"Қарағанды облысының әкімдігі автоматтандырылған газ тарату стансасынан Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына газ құбырын бұру және тарату желісін салуды жоспарлап отыр. Аталған қалаларда мердігерлер айқындалып, құрылыс-монтаждау жұмысы басталып кетті. Қарағандыға газ құбырының - 90%-ы жеткізілді. Жезқазғанға газ құбырының - 100%-ы тартылып, оның 66%-ы дәнекерленді. Ал Теміртау қаласына жеткен 100% құбырдың 50%-дан астамына дәнекерлеу жұмысы жүргізілді. Қарағанды облысының әкімдігі жыл соңына дейін Жезқазғанда – 148, Теміртауда – 100, Қарағандыда – 150 үйдің тұрғындарына газ қосады. Қарағанды облысы әкімдігінің ақпаратынша, "Сарыарқа" магистральды газ құбыры құрылысының 1-кезеңі 2020 жылдың мамырында толық аяқталады", – деді Мұрат Жүребеков.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу