Биыл 4 айда ел экономикасы 5%-ға өсті

648

Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. 

Биыл 4 айда ел экономикасы 5%-ға өсті Фото: el.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

"Биыл 4 айда өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 5 пайызға өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсу 4,8 пайызды, ал қызмет көрсету саласындағы өсу 4,9 пайызды құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда. Әсіресе, құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті", - деді ведомство басшысы.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18 пайызды құрады. 

"Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 39,3%, ауыл шаруашылығында 26,5%, жылжымайтын мүлікке қарсы операцияларда – 10%, өнеркәсіпте – 18,1%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 17,3%, өңдеу өнеркәсібінде 7 пайызға өсті", - деп атап өтті министр.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу