Биыл 4 млрд кВт/сағ энергия өндіріледі

886

Жаңартылатын энергия көздерін орнатуға 1 трлн теңге инвестиция тартылады. Бұл жұмыспен Энергетика министрлігі айналысады. 

Биыл 4 млрд кВт/сағ энергия өндіріледі

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Оның айтуынша, елімізде белгіленген қуаты 1975 МВт болатын 126 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны жұмыс істеп тұр. 

"Биыл жаңартылатын энергия көздері нысандары шамамен 4 млрд кВт/сағ энергия өндіреді деп болжанып отыр. Бұл – жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 3,5%-ы деген сөз. Алдағы 4 жылда 62 жаңартылатын энергия көзін орнату жобасын және қуаты 1 ГВт болатын ірі ауқымды жаңартылатын энергия көзі жобаларын пайдалануға беру көзделіп отыр", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, жобаларды жүзеге асыруға 1 трлн теңге инвестиция тартылады.

"Қосымша 6 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіру жоспарланған. 2025 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 6%-ды құрап, 2030 жылға қарай 15%-дан кем болмайды", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу