Қарағанды облысында 2017 жылы науқастарды тегін дәрімен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі көбейеді және медициналық препараттар емханаларға әдеттегі мерзімнен бұрын жеткізіледі, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"2015 жылы тегін қамсыздандыру үшін дәрілік препараттар сатып алуға 1 млрд теңгеге жуық ақша жұмсалды. 2016 жылы қаржыландыру толық көлемде жүргізілді. Бірақ баға өзгерді. Сондықтан жыл соңына қарай бюджетті нақтылау кезінде қосымша 58 млн теңге берілді. Бұл ақшаға диабет, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандарға арналған дәрілер, гормоналды препараттар сатып алынды", - делінген баспасөз хабарламасында .
Мәлім болғандай, 2017 жылы түрлі қаржы көздерінен 3 млрд теңгеге жуық көлемде қаржы қарастырылған. 2016 жылмен салыстырғанда бұл 400 млн. теңгеге артық.