Биыл 400 мыңнан астам астаналық скринингтен өтті

996

Биыл 400 мыңнан астам астаналық скринингтен өтті

Профилактикалық тексеруден орта есеппен жылына 240 мыңнан астам ересек және 176 мың бала өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес, қаланың емханалары мен ауруханаларында скринингтік тексерістен  171 458 бала мен 240 718 ересек өтті. Оның ішінде артериалды гипертония, ишемиялық жүрек ауруларын ерте анықтау мақсатында 58 022, қант диабетін анықтау мақсатында 63 131, глаукоманы анықтау мақсатында 64 491 адам тексеруден өтті.  Сүт безі обырын ертерек анықтау үшін 26 183 әйел , жатыр мойны обырын анықтау үшін 28 597 әйел тексерілді. Колоректальді обырды алдын ала анықтау мақсатында 28 891 әйел мен ерлер тексерірілді.

"Скринингтік тексеруден өту ерікті түрде жүргізіледі. Сол себепті азаматтардың барлығы да тексеруден тегін өту мүмкіндігін пайдаланып жатқан жоқ. Тұрғындардың көпшілігі учаскелік емхана қызметшісінің бірнеше рет шақырғанына қарамастан, скринингтік тексеру үшін уақыт таба бермейді. Әрбір медицина ұйымында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін, яғни дер кезінде скринингтен өту қажеттігі туралы ақпараттық стенд, табло, буклеттер мен парақшалар бар", - делінген Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Астанада соңғы үш жылда скринингтік тексеруден 2015 жылы 222 355 ересек пен 173 335 бала,  2016 жылы  – 241 481 ересек пен 179 333 бала және 2017 жылы 260 569 ересек және 175 588 бала өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу