Биыл 43 отандық сериал түсіріледі

917

Жаңа телетуындылар кейін шетелдік нарыққа сатылуы мүмкін.

Биыл 43 отандық сериал түсіріледі

Биыл елімізде 43 отандық сериал түсіріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Astana media week" алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа телетуындылар кейін шетелдік нарыққа сатылуы мүмкін. Қазірдің өзінде, Орталық Азия аумағында сұраныс артып келеді. Министрлік коммерциялық телеарналардың кино өндірісіне де баса мән беріп отыр. Мемлекеттік тапсырыс негізінде биыл олар 47 сериал түсіруге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, "Astana media week" үш күнге жалғасады. Бүгін кино және сериал өндірісіне қатысты мәселелелер шешімін табуы тиіс. Атап айтқанда, сала өкілдеріне салықтық жеңілдік жасау жөнінде бастама көтеріліп отыр.

"Мемлекеттік мүддені халыққа жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда медиа саласының атқарар маңызы зор. Осы орайда, еліміздің ақпарат құралдарының алдында үлкен мақсаттар тұр. Ол Елбасы бастаған, Мемлекет басшысы жалғастырған рухани жаңғыру жөніндегі реформаларға жұртшылықты жұмылдыру. "Astana media week" алаңындағы негізгі мақсат сіздер пікір алмасып, бір-бірлеріңізді таныса деген ниет. Осылайша, ортақ мүдде аясында дамытқан деген ниет. Медиа сауатты арттыру, мәдениетті қалыптастыру",– дейді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу