ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, бұл іс-шаралар суармалы су шығынын азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі "2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын" әзірлеген болатын. Жоспарда 39 іс-шара қарастырылған.
Министрлік су үнемдеу саясатын одан әрі іске асыру және шаруаларды су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру үшін су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, кезеңдік жоспар әзірледі. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай жылына 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге ниетті", – деді ҚР СРИМ Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.