Биыл 4 740 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

562

Бұл өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

Биыл 4 740 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2022 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда 4 мың 740 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 3,4%-ға артық. Оның ішінде: 2425,2 мың м2 – көп пәтерлі үйлер; 2279,1 мың м2 – жеке үйлер.

Пайдалануға берілді: 95,6% – жекеменшік құрылыс салушылар; 4,4% – халық тарапынан.

"Биылғы жылдың қаңтар-мамыры аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының ұлғаюы Шымкент қаласында (44,5%-ға), Түркістан (17,7%-ға), Алматы және Қызылорда облыстарында (11%-ға) байқалды. Ал Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңының төмендеуі Маңғыстау (15,6%-ға), Павлодар (9,3%-ға), Солтүстік қазақстан (6%-ға) облыстарында және Алматы қаласында (4,6%-ға) тілкелді", – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу