Биыл жалпы 27 бала терезеден құлапты.
"5 бала мерт болды, 10 баланың жағдайы ауыр, 12 баланың жағдайы орташа ауыр. Сондықтан ата-аналарға сақ болуға кеңес береміз", - деді комитет төрағасы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Бауыржан Сыздықов осы жылы 17 бала өрттен қаза тапқанын атап өтті.
"Жалпы 84 бала газдан уланды. Дәрігерлер олардың өмірін аман сақтап қалды. Ал 5 бала қайтыс болды", - деді басшы.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу