Биыл 51 млрд текше метр газ өндіріледі

1350

Үкімет басшысы газ секторы қалай дамитынын айтты. 

Биыл 51 млрд текше метр газ өндіріледі

XII Kazenergy Еуразиялық форумында сөз сөйлеген үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан 2027 жылы газ өндіру көлемін 80 млрд текше метрге жеткізетінін айтты. 

Ол ел аумағында жыл сайын 90 млн тонна мұнай өндірілетінін және бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтиже беріп жатқанын тілге тиек етіп, болашақта көгілдір отын өндіру көлемін көбейтуге күш жұмсалатынын жариялады. 

"Біздің алдымызда климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты даму міндеті тұр. Қазақстан Париж конвенциясына қол қойып, жаһандық энергетикалық балансты сақтауға күш жұмсайтынын мәлімдеді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан мұнай өндіру, мұнай химиясы және мұнай өңдеу индустриясын дамыта отырып, газ өндірісіне де басымдық береді. Биыл ел аумағында 

51 млрд текше метрге көгілдір отын өндірілуге тиіс. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен 80 млрд текше метрге жеткіземіз. Осылайша газ секторын дамытамыз", – деді үкімет басшысы.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу