Биыл 510 ауылға сапалы интернет тартылады

818

Тұрғындар саны 250 адамнан аспайтын 292 елдімекен мәселесі де шешілмек.  

Биыл 510 ауылға сапалы интернет тартылады

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин онлайн брифингте айтты, деп хабарлады inbusiness.kz.  

"Талшықты оптика сымдары бойынша 1250 ауылға интернет жеткізілді. 928 ауылға мобильді интернет тартылды. Жалпы алғанда, 5300 елдімекенде интернет бар деуге болады. Бірақ олардың ішінде әлі 510 ауылда мәселе бар. Мұнда WhatsApp арқылы хабарлама алмасып, жаңалықтар оқуға ғана жарамды интернет тартылған. Ал YouTube сияқты ресрустарды падалану мүмкін емес. Сондықтан биыл біз аталған 510 ауылдағы интернет сапасын басқа сатыға көтереміз", – деді Бағдат Мусин. 

Ведомство басшысының сөзінше бұл мәселені шешу үшін ауылдарға базалық стансалар салынады. Мәселен, биыл 750 базалық станса жаңадан салынып, 550 станса жаңартылады.

"286 ауылдағы байланыс 3G, 4G стандарттарына сай жасақталады. 51 ауылда интернет желісі спутниктік трансмиссиядан жердегі оптикалық инфрақұрылымға алмастырылады. Тұрғындар саны 250 адамнан аспайтын 292 ауылға интернет тартылады", – деді министр.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу