Биыл 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралды

Оларға қандас мәртебесі берілді.

Биыл 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралды Фото: azattyq-ruhy.kz

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 6 114 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 112,6 мың этникалық қазақ оралды.    

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,9%) Өзбекстаннан, 19,1% – Қытайдан, 12,1% – Ресейден 5,6% – Түрікменстаннан, 5,7% – Моңғолиядан, және 1% басқа елдерден.    Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,2%), Маңғыстау (13,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (5,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (11%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.  

Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 68,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,9%-ды және зейнеткерлер 8,3%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 18%-ы жоғары білімді, 38,6%-ы орта кәсіби білімді, 37,4%-ы жалпы орта білімді және 5,9%-ының білімі жоқ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу