Биыл 6 айда тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды

746

Бұл 2018 жылдың деңгейінен 15,5%-ға жоғары.

Биыл 6 айда тұрғын үй құрылысына 605,7 млрд теңге инвестиция тартылды

1 теңге мемлекеттік қаражатқа 7,4 теңге жеке инвестиция тартылды.

"2018 жылмен салыстырғанда, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Қостанай облыстары тұрғын үйді іске қосу бойынша көшбасшы атанды. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласында және Маңғыстау облысында құрылыс қарқынының 32,8%-ға және 10,3%-ға төмендеуі байқалады. Бұл жалпы республикалық көрсеткішке теріс әсер етті, яғни тұрғын үйді іске қосу 1,9%-ға артта қалды. Сондықтан бұл өңірлер жеке құрылыс салушылармен жұмысты жандандыруы қажет. Жалпы алғанда, жылдық жоспарға басқа өңірлердегі құрылыс қарқынын арттыру есебінен қол жеткізіледі", – деп хабарлады ҚР ИИДМ басшысы Роман Скляр үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Министрдің мәліметінше, тұрғын үйді уақытында пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына тиісті инженерлік коммуникацияны жүргізуге 81,7 млрд.теңге қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу