Биыл 60,5 млрд текше метр газ өндіріледі

233

Елімізде газ өндіру артып келеді.

Биыл 60,5 млрд текше метр газ өндіріледі Фото: kmg.kz

Биыл 60,5 млрд текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осы жылға арналған газ өндіру жоспары – 60,5 млрд м3.

"Биылғы бірінші жартыжылдықта 30 млрд м3 газ өндірілді, бұл осы жылғы жоспардың 49,5% құрайды. Газ өндірудің негізгі өсімі ірі кен орындары –  Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған есебінен көзделеді. Өткен жылы тауарлық газды өндіру көлемі 29,8 млрд м3 құрады. Осы жылғы жоспар да 29,8 млрд м3, оның ішінде бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд м3 өндірілген, бұл осы жылғы жоспардың 50% құрайды", - деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Министрдің дерегінше, тауарлық газдың жалпы көлемінен өткен жылы ішкі нарық қажеттіліктеріне 19,4 млрд м3 жеткізілген. 

"Осы жылғы тұтынудың болжамды көлемі шамамен 20,9 млрд м3 құрайды. Өткен жылы 1,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Биылғы жоспар да 1,6 млн тоннаны құрайды және осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 0,8 млн. тонна өндірілді, бұл осы жылға арналған жоспардың 53,3%", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу