Биыл 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды – Антикор

Бұдан бөлек, елімізде және шетелдегі жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын мүлік жақын арада мемлекетке қайтарылады. 

Биыл 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды – Антикор Фото: otyrar.kz

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

"Биыл құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз етті. Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді", – деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.

Президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу