Биылдан бастап 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20%-ға өседі

347

Олардың ішінде мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар бар. 

Биылдан бастап 600 мыңға жуық қазақстандықтың жалақысы 20%-ға өседі Фото: canva.com

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады. Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді", – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу