Биыл 67 мыңнан астам қазақстандық SKILLS ENBEK платформасында оқыды

449

Платформада жалпы 259,7 мың қазақстандық тіркелген.

Биыл 67 мыңнан астам қазақстандық SKILLS ENBEK платформасында оқыды Фото: Lada.kz

2023 жылдың басынан бері 67,3 мың азамат, оның ішінде 18 мыңға жуығы жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбекминге сілтеме жасап.

Оқудан өткен 18 мың жұмыссыз азаматтың 6 мыңы – негізінен Қызылорда, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 210 курс жариялады, оның 158-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – "Разведение КРС молочного направления", "Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы модулінің мақсаты, міндеті және мазмұны", "Выращивание клубники от А до Я", "Сүтті ірі қара өсіру", "Управление персоналом" және "Кассир".

Платформада ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау, туризм, бизнес, энергетика, маркетинг және менеджмент, білім беру және тәрбие салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында "Онлайн оқыту" бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілді, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды, білім беру процесіндегі өзінің прогресін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші SKILLS.ENBEK.KZ-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

Атап айтқанда, курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы жасалды, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу мүмкіндігі пайда болды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы қолжетімді, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әртүрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу