Биыл 68 мың азаматқа жұмыссыз деген мәртебе берілді

1076

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғындықов елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

  Биыл 68 мың азаматқа жұмыссыз деген мәртебе берілді

Дәулет Арғындықовтың айтуынша, жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылды. Жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау "бір өтініш" қағидаты негізінде проактивті форматқа ауыстырылды.

"Жұмыс берушілер үшін халықты жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ бос жұмыс орнын тіркеудің жеңілдетілген және көпарналы тәртібі енгізілді, – деді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті.

Оның сөзінше, пандемия жағдайында жұмыспен қамту орталықтарының қызметі онлайн-форматта ұйымдастырылды.

"2020 жылғы қарашадан бастап азаматтар халықты жұмыспен қамту орталығына бармай, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындату және жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына сонымен қатар қоғамдық жұмысқа жолдама алу қызметін электронды форматта алып жатыр. 2021 жылы 68 мың азаматқа жұмыссыз мәртебесі электронды түрде берілді. 17,6 мың адам мемлекет субсидиялайтын жұмысқа орналасты. Әрбір бесінші жұмыссызға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем электронды еңбек биржасы арқылы тағайындалып жатыр", – деді Дәулет Арғындықов.

Оның айтуынша, интернетке шығудан қиындық көріп жүрген азаматтар үшін жылжымалы жұмыспен қамту орталығы құрылады.

"Бұл іс 2022 жылға жоспарланды. Жылжымалы жұмыспен қамту орталығы интернетке шығу мүмкіндігі шектелген шалғайдағы азаматтардың мәселесін шешеді деп сенеміз", – деді Дәулет Арғындықов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу