Биыл 7,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

2359

Республика бойынша барлығы 67 055 тұрғын үй пайдалануға берілген, соның ішінде 26 665 — жеке үй.  

Биыл  7,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты елімізде екінші жыл қатарынан "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Былтыр 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2018 жылдың жоспары — 12,1 млн шаршы метр. Бұл туралы ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері 26 жыл ішінде 1,1 млн тұрғын үй салынса (жылына шамамен 40 мың), "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асырудың 15 жылында 1,5 млн тұрғын үй, яғни 2,5 есе көп немесе жылына 100 мың тұрғын үйден салу жоспарланған.

Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінің 112% құрады, ал жылдық жоспар 64%-ға орындалған. Жыл қорытындысы бойынша жоспарды толық көлемде орындау көзделген. Республика бойынша барлығы 67 055 тұрғын үй пайдалануға берілген, соның ішінде 26 665 — жеке үй.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу