Биыл 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

839

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 8 867 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Биыл 8,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-ы ҚХР-дан, 7%-ы Түркіменстаннан, 2,5%-ы Моңғолиядан және 4,5%-ы басқа елдерден келген. 

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,7%) қаласына қоныстанды.

Биылғы этникалық қоныс аударушылар саны 55,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 25,3%-ды және зейнеткерлер 19,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 10,9%-ының жоғары, 39,3%-ының орта кәсіби, 45,9%-ының жалпы орта білімі бар және 3,9%-ының білімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу