Биыл 8 шетелдік университеттің филиалы ашылады

315

Екі жылдың ішінде 23 академиялық серіктестермен келісім жасалды. 

Биыл 8 шетелдік университеттің филиалы ашылады Фото: Elorda.info

Нәтижесінде қазіргі таңда 20-ға жуық шетелдік университеттерінің филиалдары ашылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біздің министрлігіміздің амбициясы — Қазақстанды Еуразия аймағының академиялық әрі зерттеуші хабына айналдыру. Оның басты алғышарты — шетелдік мықты оқу орындарының филиалдарын ашу. Екі жылдың ішінде 23 академиялық серіктестермен келісім жасалды. Нәтижесінде қазіргі таңда 20-ға жуық шетелдік университеттерінің филиалдары ашылды. Биыл, жаңа оқу жылында тағы 8 филиал ашылады" — ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек.

Жалпы жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясы бес санатты қамтиды, оның біріншісі — шетелдік жаңа университеттерді ашу, яғни шетелдік оқу орындары Қазақстанға инвестиция құйып, осында өз корпустарын салады. Қазақстанда 3 мықты университеттердің толыққанды кампусы ашылады: De Montfort University (Алматы), Ковентри университеті (Астана), Woosong University (Түркістан).

"Ковентри университеті Астана қаласында 16 қыркүйек күні ашылады, оған жергілікті әкімдіктен 8 га жер бөлінді. Одан кейін жақында Қазақстан мен Оңтүстік Корея Президенттерінің жемісті кездесуінен кейін Түркістан қаласында кореялық Woosong University корпусы ашылатын болды. Бұл үш университетте білім алған студенттер Қазақстанда ғана емес, диплом беріп отырған университет елінде де жұмысқа тұра алады. Мұның барлығы жоғарғы білім дамуының бірінші санаты", — деді Министр.

Екінші санат — филиалдар. Қазақстан мен шетелдік университет бірігіп, бар инфрақұрылымды қолдану арқылы өз бағдарламаларын не қос дипломды бағдарламаны енгізеді. Мысалы, Ақтөбе қаласындағы Жұбанов университеті қабырғасында Шотландия жоғарғы оқу орны — Хериот-Уатт университеті филиалы былтыр ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу