Биыл 80 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты

842

Бағдарламасы аясында 175 мың адам жұмыс тапқан. 

Биыл 80 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты

Жыл басынан бері "Еңбек" бағдарламасына 233 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы 1 мамырдағы мәліметке сәйкес, "Еңбек" бағдарламасына 232,7 мың адам қатысқан. Нәтижесінде 174,8 мың адам жұмысқа орналасты, оның 80,2 мыңы – тұрақты жұмыс орны", - деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 5 мың адам жіберілген, ал 473 адам өз ісін ашу үшін микрокредит алған. Сонымен қатар 7,2 мың тұрғын қайтарымсыз грантқа ие болған.

"99,9 мың адам субсидияланатын жұмысқа орналасты. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 13,2 мың адам, жастар практикасына – 8,4 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 78,3 мың адам", - деп жазылған хабарламада.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 607 отбасы немесе 1935 адам қоныс аударды. Оның ішінде 888 адам еңбекке қабілетті жаста. 

"Сондай-ақ 593 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналасқан, ал 35 адам кәсіпкерлікпен айналысады", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылы "Еңбек" бағдарламасына 649 мың адам қатысқан еді. 437,3 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 319,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу