Биыл 90 мыңға жуық жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт берілген

938

Жылжымайтын мүлік санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлі мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады.

Биыл 90 мыңға жуық жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт берілген

Биыл 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО арқылы, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берілді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" МК хабарлады.

Айта кетсек, жылжымайтын мүлік санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлі мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшін мамандар жылжымайтын мүліктің өлшемдерін өлшеп, ғимараттың жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескеріліп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлімет топтастырылып, техникалық паспортқа енгізіледі.  

Бүгінде техникалық паспортты алу үшін өтінімді egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беріп, өлшеу жүргізетін техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу