Биыл Абай облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

392

Оның 7 242-сі тұрақты жұмыс

Биыл Абай облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылды Фото: gov.kz

Жыл басынан бері Абай облысында 12 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылдың алғашқы алты айында аймақ кәсіпорындары 673,6 млрд теңгеге өнім өндірді. Негізгі үлесі – 56,3% тау-кен өнеркәсібі және кен орындарын қазуға тиесілі. Ал өңдеу өнеркәсібінде 269,2 млрд теңгеге өнім шығарылды. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді. Бұл салада жалпы өнім көлемі 143,7 млрд теңгені құрады", делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Абай облысында егіс егу науқаны толығымен аяқталған. Оның жалпы ауданы – 654,2 гектар.

"Оның ішінде дәнді дақылдар – 297,3 мың гектар, майлы дақылдар – 306,2 мың гектар, картоп – 7,7 мың гектар, көкөністер – 3,6 мың гектар, бақша дақылдары – 2 мың гектар. Инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен алты айда өңірге 230,5 млрд теңге тартылған. Облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 130,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген", - делінген хабарламада.

Бірінші жартыжылдықта облыста 11 773 жұмыс орны құрылды. Оның 7 242-сі тұрақты.

"Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін 12 282 адам жүгінген. Оның ішінде 6 512 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3 074 адам жіберілді", - делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу