Биыл Абай облысында 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 1 млрд теңге бөлінді. 

Биыл Абай облысында 23 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың үш тоқсан қорытындысы бо­йынша, Абай облысында жұмыссыздық орташа республикалық деңгейде деп есептеледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Биыл өңірде 24926 жұмыс орнын құру жоспарланған. Қазір – 23589 орын ашылды. Жоспар 95%-ға орындалған.

Бұдан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау және дамыту үшін 697,4 млн теңгеге 110 жеңілдетілген несие, жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 1,1 млрд теңгеге, 2,5% үстеме ақымен 214 шағын несие берілді.

Сол сияқты, несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасымен мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды.

"Біз үшін оның маңызы ерекше. Себебі, облыста 24481 мү­гедектігі бар адам тұрады. Оның 2905-і – балалар. Кешенді жос­парға сәйкес, тағы да, Семей мен Аягөзде 150 орындық екі орталық салуды көздеп отырмыз. Қазір, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр", – деген еді облыс әкімі жуырда Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу