Биыл "әйелдер вагондарында" жолаушылар тасымалы 2 есе өскен

238

Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. 

Биыл "әйелдер вагондарында" жолаушылар тасымалы 2 есе өскен Фото: ҚТЖ

Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы "әйелдер вагондарында" жол жүру қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қызмет енгізілген сәттен бастап (2021 жылдың басынан бастап) 359 мыңнан астам әйел сапарын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін "әйелдер вагондарында" жол жүруді таңдаған.

Бүгінгі таңда "әйелдер вагоны" 8 жолаушылар пойызы құрамында бар:

-№77/78 "Алматы-Маңғыстау" №07 купе вагоны;

-№351/352 "Алматы-Өскемен" №10 купе вагоны.

-№45/46 "Павлодар-Түркістан" №09 купе вагоны;

-№37/38 "Маңғыстау-Семей" №06 купе вагоны;

-№47/48 "Атырау-Астана" №06 купе вагоны;

-№33/34 "Ақтөбе-Алматы-1" №06 купе вагоны;

-№4/3 "Астана-Алматы-2" №17 купе вагоны;

-№71/72 "Астана-Шымкент" №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, "әйелдерге арналған вагонында" жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне рұқсат етілген.

Қазіргі уақытта "әйелдерге арналған вагоны" жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілуде. Сауалнама нәтижелері жолаушылардың қажеттіліктері мен қалауларын байқауға, сондай-ақ, жұртшылықтың өзекті сұраныстары мен талаптарын ескере отырып, "әйелдер вагоны" жобасының даму стратегиясын анықтауға көмектеседі.

Сауалнамаға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу