Биыл әкімшілік сот істерінің 60 пайызы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілген

457

Әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың арыз түскен.   

Биыл әкімшілік сот істерінің 60 пайызы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілген

Елімізде екі жыл бұрын жұмысын бастаған әкімшілік әділет жүйесі мемлекеттік орган қызметкерлерінің теріс әрекеттерін әшкерелеуде.  Мәселен, әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың арыз түскен.   Нәтижесінде арызданушылардың  басым бөлігі мемлекеттік қызметкерлерді жеңіп шыққан.

Ал, Астана қаласы сотының  әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы биылғы сот істерінің 60 пайызы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілгенін айтады. Қарапайым азаматтар  мемлекеттік органдармен болған дауларды жеңіп шығуы әкімшілік әділет жүйесіндегі жаңа өзгерістердің арқасында  мүмкін болып отыр. Мұнда  жауапкерге өзі ісінің дұрыстығын дәлелдеу міндеті, жазбаша іс жүргізу және процестік мәжбүрлеу шаралары сынды мүлдем жаңа тәсілдер қарастырылған.

"Мысалы айтатын болсақ, талап арызды дұрыс жазбаса немесе жауапкерді басқа органды қоятын болса, Мына жерге әкімшілік болатын болса ол жерде басқа бір бөлімі болуы мүмкін, архитектура деген сияқты. Сондықтан біз оның барлығын қараймыз дағы айтамыз. Мына жері дұрыс емес екен, сондай бағыт-бағдар беріп, түзетуге болады. Қателері болса оны айтамыз мына жерін түзеңіз деп. Ал азаматтық тәртіпте әлі күнге дейін ондай белсенді соттың рөлі жоқ", - дейді қалалық соттың әкімшілік алқа судьясы Оралхан Тұрсынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу