Биыл Ақмола облысында астық сапасы жоғары – Ермек Маржықпаев

617

Өңірдегі аграрлық секторға мемлекеттік қолдау ретінде 74 млрд теңге бөлінген. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елордада өткен брифингте осылай деп мәлімдеді.

Биыл Ақмола облысында астық сапасы жоғары – Ермек Маржықпаев Фото: Серікжан Қобыланбаев

"Аграрлық сектор өнеркәсіппен қатар өңір экономикасының негізі болып қалуда. Биылғы жылы мемлекеттік қолдау ретінде шамамен 74 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында, ақмолалық диқандар егін жинау науқанын белгіленген мерзім ішінде өткізді, ауыл шаруашылы дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім жинап алдық", - деді өңір басшысы. 

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, биыл 5,2 млн тонна астық жиналған. Әрі оның сапасы да жақсы болған.

"Санаттылығы мен дән маңыздылығы бойынша егін сапасы өткен жылға қарағанда жоғары", - деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу