Биыл Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылады

127

Кәсіпорынды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Биыл Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылады Фото: видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысының индустриялық жобаларды қолдау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін кірпіш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"MM BRICK" ЖШС директоры Есімхан Байғабыловтың айтуынша, жобаның құны – 13,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталып, жабдықтарды жеткізу басталды. 

Мемлекеттің көмегімен сумен және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу мәселелері шешілді. Қолдау шараларының бүкіл кешені бізге өнімнің кең ауқымын шығаруға жағдай жасап, өңірдің дамуына мультипликативтік әсер береді, – деді кәсіпорын басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу