Биыл Ақмола облысында 148 шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысындағы автожолдарды орташа жөндеу жұмыстары 10 учаскеге бөлінген. Бұл ретте 148 шақырымдық жолда екі жол өтпесі, екі су өткізгіш құбыр және екі бағдаршам орнатылмақ.
Бүгінде тегістеуші қабатты төсеу, су өткізгіш құбырларды орнату, жол жиегін бекіту және жол таңбаларын салу бойынша қарқынды жұмыстар бірнеше учаскеде жүргізіліп жатыр.
"Жоспар бойынша, осы маусымда жолшылар Көкшетау қаласын айналып өту жобасының 15 шақырымында және Көкшетау-Рузаевка бағытының 9 шақырымында орналасқан екі жол өтпесін жөндейді. Нысанда өтпелі плиталар, тосқауыл қоршаулар, деформациялық жіктер ауыстырылып, жол өтпесімен түйісетін жол жабынындағы ақаулар жойылады. Қазіргі таңда жол өтпесін орташа жөндеу жұмыстарының 60 пайызы аяқталған", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.