"ДАНиЕР" өндірістік-сауда құрылыс фирмасы ЖШС 2017 жылдың соңына дейін тік жікті болат өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте аймақ басшысының төрағалығымен өткен кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында айтылды.
Кәсіпорын 200 млн теңге қарыз алу бойынша субсидиялауды сұрайтыны белгілі болғанда Болат Бақауов жалпы құны 1,1 млрд теңгелік жобаның қай кезеңде екенін нақтылады.
"Қазіргі таңда өндірістік кәсіпорын 80 пайызға дайын. Диаметрі 40-114 мм құбыр шығару үшін жабдықтар әкелінген. Диаметрі 114-315 мм құбыр шығару үшін жабдық жеткізетін серіктестер қаражаттың 30 пайызын алып, ендігі жұмысқа кірісіп кеткен", – дейді серіктестіктің қаржы директоры Елдос Жанкарин.
Нәтижесінде "ДАНиЕР" ЖШС пайыздық үстемеақыны субсидиялау бойынша қолдау тапты. Ал ақпараттық жарнамалық қызмет көрсететін екінші кәсіпорын "Вестник" ЖШС бағдарламадан алып тасталды. Бұл компания техника мен лизинг алу үшін қарызға 363 млн теңге алған. Кейін кәсіпорын міндетті төлем мерзімін үш айға кешіктірген.
Дегенмен, кәсіпорын басшылығына мәселені шешуге уақыт берілгенімен жағдай сол қалпында қалған. Бұдан басқа, компания өкілдері үйлестіру кеңесіне қатысудан бас тартып, байланысқа шықпай отыр. Сондықтан кеңес мүшелері "Вестник" ЖШС алған несие бойынша субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған.