Биыл Ақтау және Павлодар әуежайларындағы күрделі жөндеу жұмысы аяқталады

110

Былтыр 10 әуежайда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл Ақтау және Павлодар әуежайларындағы күрделі жөндеу жұмысы аяқталады Фото: aviaseller.su

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтау және Павлодар әуежайларында күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жерүсті инфрақұрылымына келетін болсақ, былтыр 10 әуежайда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. 350 млрд теңге көлеміндегі жеке инвестицияларды тарту есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында үш жаңа жолаушылар терминалы жаңартылды. Бұл олардың өткізу қабілетін 6 жарым арттыруға мүмкіндік берді. 5 әуежайда, оның ішінде Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды және Жезқазған әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақтау және Павлодар әуежайларында күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады", – деді Талғат Ластаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу