Биыл Ақтөбе облысы 4 мың тонна ет экспорттайды

875

Негізінен Иран, Ресей, Өзбекстан елдерінен сұраныс бар.

Биыл Ақтөбе облысы 4 мың тонна ет экспорттайды Фото: express-k.kz

Былтырғымен салыстырғанда өңірдегі экспортталатын еттің көлемі биыл екі есеге артық, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Қазіргі таңда мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша ірі қараның 8 пайызы, қойдың 12,7 пайызы, жылқының 20 пайызы асыл тұқымды.

"Алдағы уақытта малдың өнімділігін арттыру үшін селекциялық асыл тұқымды шаруашылықтардың жандандырамыз. Тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүргізіледі. Алған төлдерді мал бордақылау алаңдарына тапсыруымыз керек. Бүгінгі күні 23 мың басты бірден бордақылайтын "Актеп" ЖШС, "Жантер" ШҚ, "Наурыз-СИМ" ШҚ, "АРАЙ-М" ШҚ алаңдары бар. Былтыр 2 мың тонна етті экспортқа шығару туралы тапсырма берген болатын. Оны артығымен орындап, биыл 4 мың тоннаны жоспарлап отырмыз. Негізінен Иран, Ресей, Өзбекстан елдерінен сұраныс бар", – дейді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

Былтырғы 238 млрд теңгенің тек 80 млрд көлемі өсімдік шаруашылығынан болса, қалғаны мал шаруашылығынан түскен пайда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу